07
декабрь
2023
"ҚМЖ құрастыру жолдары"
Заман талабына сай қазіргі таңда сапалы кәсіби білім беруді жүзеге асыру үшін, кәсіби құзыретті, дербес ойлайтын жас мамандар қажет. Педагогикалық қызметке жоғары дайындық деңгейімен келген жас маманның жеке және кәсіби бейімделуі ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Жас мамандармен жұмыс жүргізу әдістемелік жұмыстың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Педагог тәжірибесінде тәлімгерлік жүйесінің элементтерін іске асыру мақсатында "ҚМЖ құрастыру жолдары" тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырылды.



