«Табысты педагогтер шеберханасы»
2023 жылдың 11 қазан күні “Еңбек ауылындағы 22 орта мектепте педагогтердің сабақ зерттеуі арқылы, сабақты зерттеудің тиімділігін көрсету, тәжірибе алмасу мақсатында «Табысты педагогтер шеберханасы» тақырыбында облыстық семинар өтті.Семинар жұмысына «Өрлеу» тренері Жақсылықова Кенжегүл Зарыкхановна , мектеп директорлары қатысты. Алғы сөзді мектеп директоры Е.Ж.Мусанов алып семинар бағдарламасымен таныстырып өтті. Семинардың жұмысы мектеп психологы Н. Кангабылованың психологиялық ахуал тудырумен басталып, тәжірибелік алаңдар мен ашық сабақтармен жалғасып, тарих пәнінің мұғалімі Е.Өскембаев, Г.Бөкенова, М.Құдайбергенов зерттеу сабақтарын көрсетті. Зерттеу сабақтарын бақылаушы мұғалімдермен бірлесе отырып семинар қатысушылары да қызыға талқылап, көкейдегі көптеген сұрақтарға жауап алды. Семинар бағдарламасына сәйкес қатысушылар «Lesson study және іс-әрекет шеберханасы» көрмелерінің жұмысымен танысты. Қатысушылармен семинар жұмысы қорытындыланып, кері байланыс берілді.




