06
октябрь
2023
"Дублер куні"
Мектептегі өзін-өзі басқару ұйымының жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру мақсатында мұғалімдер күніне орай бұйрық пен тұжырымдаманы негізге ала отырып «Дублер күні» ұйымдастырылды. Өзін-өзі басқару ұйымымен 11 сынып оқушылары мұғалімдердің басшылығымен сабақ кестесін құрып, сабақ жоспарын жазды.
Таңертеңнен жақсы атмосфера орнатып, ұстаздарды қызыл кілемше үстінде қарсы алды.
Сабақ беру барысында оқушылар қызығы мен қиындығы қатар жүретін мұғалімдік мамандығының жұмысымен таныс болды.


