« Ақын – елдің ардағы»
13.04.2023 күні Еңбек ауылындағы №22 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігі апталығы аясында « Ақын – елдің ардағы» атты жергілікті ақын , Түркі әлем жазушылар одағының мүшесі, облыстық, аудандық жазба ақындар мүшайраларының жеңімпазы - Жылқайдарова Роза Төлегенқызымен кездесу болды. Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Кездесу барысында білім алушылар ақын апамыздың өлеңдерін жатқа оқып, өздерін қызықтыратын сауалнамаларын қойып жауап алды. Кеш соңында ақын - Роза Төлегенқызы балаларға өз қолтаңбасымен кітаптары мен қойын дәптерлер сыйға тартты. Кездесуді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлнар Өмірзаққызы мен мектеп кітапханашысы А.Искакова ұйымдастырды.



