Аттестация » Страница 3 » №22 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі
мемлекеттік мекемесінің
"Еңбек ауылындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар №22 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 40-14-54
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Алтын күз” ертеңгілігі
19
октябрь
2023
“Алтын күз” ертеңгілігі
“Алтын күз” ертеңгілігі Ортыңғы “Күншуақ” тобы Мақсаты: Балаларға берекелі күз туралы мағлұмат беріп, табиғатты қорғауға және қоршаған ортаны таза ұстауға тәрбиелеу. Табиғат өзгерістерін туралы түсініктерін қалыптастыру мерекелік көңіл күй сыйлау, эстетикалық талғамдарын арттыру. Сөздік қорларын молайту, шығармашылыққа билеуге, тақпақ айтуға, ән жаттап ырғақты қимылдауға дене бітімдерін, дауыс ырғақтарын жаттықтыру. Тәрбиеші: Орысбаева Махаббат Сеитқызы
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.
16
октябрь
2023
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Тақырыбы: Ойын арқылы баланы дамыту Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту. Ойын арқылы балаларды жан жақты қалыптастыру. Ұлттық мұраның бай қазынасы – халықтық ұлттық ойындарды түсіндіру. Қажетті дене қозғалыс дағдыларын, танымдық-қозғалыс белсенділігін арттыру. Қызығушылықтарын қалыптастырып, дамыту. Ойын – баланың білім-білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы ретінде қарастыру. Тәрбиеші : Қабылжан Маржан Аманқызы
"Мектеппен сабақтастық"
06
октябрь
2023
"Мектеппен сабақтастық"
«Айжұлдыз" шағын орталығының жылдық жоспары  негізінде  қазан  айының 2-6 аралығында  "Мектеппен сабақтастық" бөлімі бойынша  мектепте серуен  ұйымдастырылды.  Мақсаты: тәрбиеленушілерді мектеп өмірімен таныстыру. Серуен барысында  балаларға сыныптар, мұғалімдер, әкімшілік туралы қысқаша  түсініктеме берілді.
"Танграм"
29
сентябрь
2023
"Танграм"
"Танграм" әдісі арқылы ойнау . Ол көне Қытай ойыны. Ойын ережесі: 1. Әрбір құрастырылған фигура барлық жеті элементті қамтуы керек. 2. Фигураларды салу кезінде элементтер бір-бірінің үстінен түспеуі керек. 3. Фигуралардың элементтері бір-бірімен қиылысуы керек. Танграмманың көмегімен бала суреттерді талдауды, олардағы ерекшелеуді үйренеді геометриялық фигуралар, тұтас объектіні визуалды түрде бөліктерге бөлуге үйренеді, сонымен қатар логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
"Айжұлдыз" шағын орталығында  қыркүйек айының 22 жұлдызында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
22
сентябрь
2023
"Айжұлдыз" шағын орталығында қыркүйек айының 22 жұлдызында жалпы
"Айжұлдыз" шағын орталығында  қыркүйек айының 22 жұлдызында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында шағын орталықтың  алдағы оқу жыдына қойылған мақсат-міндеттерімен және жүргізілетін жұмыстармен таныстырылып өтті. Сонымен қатар мектеп директоры Е.Мусанов қатысып ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
"Ойын арқылы балалардың ой-өрісі дамиды."
11
сентябрь
2023
"Ойын арқылы балалардың ой-өрісі дамиды."
Балапан тобы   Тәрбиешісі: Маманова Нұржан. А.  Мақсаты: Ойын арқылы балалардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Ойын ұйымдастыруда  балаларды ойната отырып,  ойнай білуге,  ойын ережесін есінде сақтап қалуга,  ойынға қызықтыра отырып зейінін,  қиялын дамытады.
Бүгін 11 сынып түлектері  мектеп табалдырығындағы ең соңғы емтихандарын тапсырды. Алдағы уақытта кездесетін өмір жолының бұралаңдарынан сүрінбей өтіп, өмірде өз жолдарыңды табуларыңызға тілектеспіз! Ақ жол, сәт сапар сендерге Жас түлек!
19
июнь
2023
Бүгін 11 сынып түлектері мектеп табалдырығындағы ең соңғы
Бүгін 11 сынып түлектері  мектеп табалдырығындағы ең соңғы емтихандарын тапсырды. Алдағы уақытта кездесетін өмір жолының бұралаңдарынан сүрінбей өтіп, өмірде өз жолдарыңды табуларыңызға тілектеспіз! Ақ жол, сәт сапар сендерге Жас түлек!
Қуыршақ театры
14
июнь
2023
Қуыршақ театры
Топ: Ересек “Қарлығаш    Балапан” Тақырыбы: Қуыршақ театры Балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау. Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамыту. Проблеманы шешу құзыреттілігі Есте сақтау қабілетін дамыту, эмоционалдық дамуына әсер ету.  Тәрбиешілер: Қабылжан М Орысбаева М